Шығыс Қазақстанда «Зымыран-2023» оқу-жаттығуы өтті

Шығыс Қазақстанда «Зымыран-2023» оқу-жаттығуы өтті

«Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Риддер қаласында «Зымыран-2023»  арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша ШҚО ТЖД жедел кезекшісіне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран тасығыштың фрагменттері Риддер қаласы ауданының аумағына шартты түрде құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖ аймағына аварияны жедел жою үшін азаматтық қорғау қызметтері келіп жетті. Сонымен қатар, облыстық және аудандық әкімдікте төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың шұғыл отырысы өткізілді.

Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі зымыран тасығыштың құлау ауданын қоршап тастады. ТЖ аймағына түскен ауыл тұрғындары қалыптасқан жағдай туралы сигналдық-дауыс құрылғыларымен жабдықталған автомобильдердің көмегімен хабардар етілді. Тұрғындар мен жануарларды қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Тарханка ауылының тұрғындары орналастыру пунктіне жеткізілді, онда үш рет ыстық тамақ ұйымдастырылған, бірінші кезекте қажетті заттар берілді. Эвакуацияланатын халықпен психологтың жұмысы ұйымдастырылды.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері жекелеген өрт ошақтарын сөндірді. Жергілікті атқарушы органдар ТЖ аймағында химиялық зақымдану деңгейін анықтау және ошақты газсыздандыру және авария болған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырды.

«Осы сияқты жаттығулар облыстың әр қаласы мен ауданында өтті.  Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға жеке құрамнан 564 адам және 178 бірлік техника қатысты. Біздің басты міндетіміз зымыран тасығышпен байланысты ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қызметтерінің деңгейін арттыру. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша азаматтық қорғау күштері мен жергілікті атқарушы органдар үшін одан әрі міндеттер айқындалады», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов оқу-жаттығуды қорытындылады.

     
                                                                               ШҚО ТЖД баспасөз қызметі