
2023 жылғы 2-қараша күні «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының шеңберінде Семей қаласы жанында тактикалық-арнайы жаттығулары өтті.
Оған облыстық және қалалық азаматтық қорғаныс қызметтері, біріккен шұғыл әрекет ету отряды және басқа да бірлесе әрекет ету қызметтері қатысты. Жаттығу барысында алға қойылған міндеттер орындалып, барлық қызмет түрлерінің өзара әрекеті пысықталды.
Жалпы облыс аумағында 10 арнайы тактикалық жаттығулар өткізіліп, 404 адам мен 135 бірлік техника жұмылдырылған.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі