ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

2023 жылғы 1 қарашада ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

Ол облыстың төтенше жағдайлар департаментіне, қалалық өрт сөндіру бөлімдеріне, жедел-құтқару жасағының базасына барып, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің жай-күйі мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын қарап, кинологиялық қызметтің жұмысын қарап, жеке құраммен кездесіп, құтқарушылармен әңгімелесті.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірлесіп «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу бойынша іс-шаралар талқыланды.   

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Ерлан Нұрпейісов Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі С.Арыстанбаев атындағы су торабын тексерді. Су торабы суармалы жерлер мен шабындық және жайылымдық жерлерді сумен жабдықтауды жақсартуға, су тасқынының алдын алуға, елді мекендерді су басу қаупін азайтуға, Сырдария өзенінің ағынын реттеуге арналған.

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі