2023 жылғы 2 қарашада ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Қ.Пішембаев іссапармен Шымкент қаласына келді. Іссапар барысында Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен кездесті.
Кездесу кезінде есепті кезеңде атқарған жұмыстарының қорытындысы және алдағы жоспарлар бойынша департамент бастығы Қ.Б. Базарбаевты және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Е.А. Қисықовты тыңдады. Оған қоса, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды алдын алу бағыттары бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Вице-министр министрліктің алға қойып отырған мақсаттарымен бөлісті.
Сонымен қатар, іссапар барысында төтенше жағдайлар департаментінің жаңа қабылдануға дайын ғимаратымен және өрт сөндіру депоcымен танысты.
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы