В Уральске проведены пожарно-тактические учения

В Уральске проведены пожарно-тактические учения

Орал қаласында темір жол вокзалы аумағында «Қазақстан темір жолыҰлттық компаниясы» - «Магистральды желінің Ақтөбе бөлімшесі» АҚ филиалымен өзара іс-қимыл шеңберінде темір жол көлігінде қауіпті жүкті тасымалдау кезінде қатты әсер ететін улы заттарды құюға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселесі бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығуға Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, облыс санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіполицияның желілік бөлімі,Батыс Қазақстан электр желісін тарату компаниясы АҚ, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Орал бөлімше басқармасы, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ 62 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ оқу-жаттығуларында қауіпті ортада ауа алу жолымен қатты әсер ететін улы заттарды анықтау бойынша іс-шаралар пысықталды, сондай-ақ, гарнизонның өртке қарсы қызмет бөлімшелері және өрт сөндіру пойызының өртті сөндіруге дайындығы тексерілді.

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі