Су тасымалдау жекеменшік авто көлігінің жүргізушісі отқа оранған көліктің жарылуына жол бермеді

Су тасымалдау жекеменшік авто көлігінің жүргізушісі отқа оранған көліктің жарылуына жол бермеді

31 қазан күні 13 сағат 07 минутта  ТЖД 101 пультіне Алатау ауданында автокөліктің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына 13:17-де келгенде, ӨСБ-12 өрт сөндіруші лері алаңы 1,5 шаршы м қамтыған  «Дэу Нексиа» маркалы автокөліктің мотор мен салоны отқа оранғанын анықтады, оған қоса бак бензин толған және көліктің жүк салғышында ГБЖ орнатылғаны туралы ақпарат түсті. Дереу өртті   сөндіруге және көліктің құрылғыларын салқындатуға бірден көбік оқпандары бағытталды. Қызыл жалын 13:26-да толығымен жойылды. Абырой болғанда құрбан болған адамдар  мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін су таситын жекеменшік көліктің жүргізушісі Мағжан Қалиханов өртеніп тұрған  «Дэу Нексия» көріп,  еш ойланбастан көмекке асығып, жалынға оранған көлікті сөндіре бастады. Осылайша ол машинаның қызып кетуіне жол бермей, жарылыстың алды алындыі. Өртті сөндіруге тағы екі куәгер Мағжанға ат салысты.

Өртенген көлікті басқарған жүргізушінің айтуынша,  жол жүріп кележатқанда капот астынан түтін шығып, қақпасын ашқан бойда өрт әрі қарай таралған. Өзі алаңдаса да, 101 диспетчерлерін номерінтеруге үлгеріпті. Оның айтуынша, бензобак жанармайға, және ГБҚ толы болған,  өрттің  бүкіл көллкті шарпыған жағдайда, қайғылы салдар әбден болуы мүмкін еді.

Егер жолда жүріп тұрған автокөлікте  өрт пайда болса: дереу жол қозғалысын тоқтатыңыз, оталдыратын құрылғыларды өшіріңіз, тіпті кілтті құлыптан алып тастыңыз, «Neitral»  қосыңыз, тұрақ тежегішін қысыңыз, жолаушылармен бірге салоннан шығыңыз, 101 нөміріне қоңырау шалыңыз. Егер қалың түтін болса, капотты ашпаңыз, өрт сөндіргішті капот пен радиатор тордың арасындағы саңылауға бағыттап өшіріңіз. Егер от оқшауланса, капотты ашып, қызыл жалынды толығымен сөндіріңіз, клеммаларын ажыратыңыз. Бастапқыда сапалы ГБЖ және дұрыс орнатушыны таңдаңыз.

 

Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі