
Материалдық-техникалық базаны нығайту, СҚО құтқарушылары мен өрт сөндірушілерін жабдықтармен және арнайы техникамен жарақтандыру азаматтық қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдар жұмысының басымдықтарының бірі болып табылады.
2021 жылы облыс аудандарының өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлеріне КАМАЗ базасында 8 өрт сөндіру автокөліктерінің (автоцистерналардың) кілттерін салтанатты түрде тапсыру өтті. Сондай-ақ, көлік және су техникасы, өрт-техникалық және құтқару жабдықтары сатып алынды, өрт сөндіру бөлімшелерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
2023 жылғы 31 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының Береке шағын ауданындағы өрт сөндіру депосы кешенінің құрылыс аумағына барды. СҚО ТЖД бастығы полковник Ерік Сарыбаев өңір басшысына облыс орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті нысанды салу барысы туралы айтып берді.
«Депоға 4 өрт сөндіру көлігіне арналған бокс, бөлімнің өрт сөндірушілерінің жұмысы мен демалысына қажетті үй-жайлар, қызметкерлерге арналған тұрғын үй кіреді. Жобаны іске асыру 27000-нан астам тұрғыны бар Петропавл қаласының оңтүстік-шығыс бөлігін сенімді өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Депоның жауапкершілік аймағына 6 орта мектеп, 3 балабақша, 1700 тұрғын үй, бір ауысымда 250 адам қабылдайтын салынып жатқан емхана, ондаған кәсіпорындар мен 7 мұнай базалары бар өнеркәсіптік аймақ, жақын және алыс шетелдердің көліктерінің үлкен транзитін өткізетін республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдар сияқты маңызды объектілер кіретін болады», - деп атап өтті Ерік Темірханұлы.
Облыс әкімі депо құрылысының барысы туралы баяндаманы мұқият тыңдап, салынып жатқан кешеннің үй-жайларын жеке өзі қарап, құрылыс салушының, коммуникациялар мен жол инфрақұрылымына жауапты ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен әңгімелесті, нысанды тезірек пайдалануға берудің негізгі басымдықтарын айқындады. Ғауез Торсанұлы өрт сөндіру депосы жұмыс істей бастағанда өрттер мен ТЖ-ға жедел ден қою деңгейі артатынына назар аударды. Ол жобаны іске асыру халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайларына, экономиканың барлық салаларының дамуына бірқатар оң әсер ететінін атап өтті.
СҚО ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы