«Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық барысы

«Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық барысы

2023 жылғы 2-3 қарашада Қызылорда облысының аумағында «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілетін болады.

Оқу-жаттығудың тақырыбы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру кезінде ықтимал авариялар, төтенше жағдайлар туындаған кезде басқару органдарының, азаматтық қорғау құралдары мен мемлекеттік жүйесінің күштерінің іс-қимылдарға дайындығы болып табылады.

Практикалық кезеңнен тұратын оқу-жаттығу Қармақшы ауданы Дирментөбе кентіндегі елді мекенде ұйымдастырылған. Бүгін ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы  К.Н. Оразалин оқу-жаттығу басқармасы штабының бастығы практикалық оқу-жаттығу өткізілетін орынға барып, Қармақшы ауданының әкімі Ж.Е. Еркінбекпен кездесті. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы ТЖМ №70 Федералды өртке қарсы қызмет арнайы басқармасы бастығының орынбасары А.В. Майданюкпен қызметтердің практикалық әрекеттерін талқылады. Сонымен қатар, оқу-жаттығуға қатысушылардың арнайы техникалық қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ҚР ТЖМ ТЖ жою департаменті