Ақтөбелік құтқарушылар адасып кеткен 60 жастағы орманшы әйелді тапты

Ақтөбелік құтқарушылар адасып кеткен 60 жастағы орманшы әйелді тапты

29 қазан күні сағат 23:40-та Мәртөк ауданы, Қарашай ауылдық округі  Аққайын ауылынан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан орманға 1963 жылы туылған әйел адам санырау құлақ жинауға кетіп  жоғалып кеткені жөнінде ақпарат келіп түсті.  

Оқиға орнына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындардан 22 адам мен 6 бірлік жұмылдырылды.

Құтқарушылар күшімен  30 қазан күні 1963 жылы туылған әйел адам Аққайын ауылынан 20 км қашықтышта  аман есен табылды. 60 жастағы әйел адам медициналық көмекті қажет етпеді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі