«Қауіпсіздік мәдениеті» сабағы

«Қауіпсіздік мәдениеті» сабағы

Алматы қаласы ТЖД Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің оқытушыларымен және студенттеріне қауіпсіздік сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты - каскадты оқыту әдісін қолдана отырып, төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелері туралы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру. Әдістің мәні мынада: оқытудан өткен профессор-оқытушылар құрамы әріптестері мен студенттеріне не үйренгендерін айтып береді, ал студенттер өз кезегінде ақпаратты туыстарымен және достарымен бөліседі.

Қауіпсіздік сабағы аясында білім беру өкілдері мен студенттер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс және жедел іс-қимылдарға үйретілді.

Сонымен қатар, оқыту барысында оқытушылар мен студенттер таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын үйренді, сондай-ақ құрылымдық емес сейсмикалық күшейту және «дабыл чемоданын» жинақтау туралы білді.

Алынған ақпаратты бекіту үшін өмір қауіпсіздігі бойынша оқыту бейнероликтерін қарау көрсетілді, сондай-ақ брошюралар мен жадынамалар түріндегі көрнекі құралдар таратылды.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі