Шығыс Қазақстанда қызықты құтқару операциясы жүргізілді

Шығыс Қазақстанда қызықты құтқару операциясы жүргізілді

Құтқарушыларға Бутаково ауылының маңындағы Үлбі өзенінен өтіп бара жатқан ер адам мен әйел адам мінген трактордың су ортасында тоқтап қалғаны туралы қоңырау түсті.

Жүргізуші кабинадан шығып, өз бетінше жағаға шыққан екен. Ал әйел болса көліктің төбесіне шығып алған, көлік тұрып қалған жерде су ағыны өте күшті болды. Құтқарушылар қайықты жағалаудан арқанмен сақтандыра отырып көмекке ағын сумен арпалысып, әйелге жеткен соң қайықты түсіріп, адамды отырғызған соң ағыстар арасындағы аралға жеткізді. Онда оларды "КАЖсервис" ЖШС ШҚ ҚҚ жүк тиегіші күтіп тұрды, онда әйел құтқарушылармен бірге жағаға жеткізіліп, тексеру үшін жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

ШҚО ТЖД азаматтардан қырағы болуды сұрайды. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. 

Ешбір жағдайда ағысы күшті тоғандардан өтпеңіз және әсіресе қараңғы уақытта судан сақ болыңыз. 

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

 

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі