ТЖМ-де «Азматтық қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізу бойынша талқылау болады

ТЖМ-де «Азматтық қорғау туралы» Заңына өзгерістер енгізу бойынша талқылау болады

Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде мемлекеттік өртке қарсы қызметпен қатар елді мекендерде, орман және дала алқаптарында және шаруашылық объектілерінде өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі қызметке қатысатын ерікті өртке қарсы құралымдарға маңызды рөл жүктеледі.

Мәселен, азаматтарды әлемде өрттің алдын алу жұмыстарына қатысуға ынталандыру үшін материалдық қолдау практикасы кеңінен қолданылады.

Осылайша, еуропалық елдердің ауылдық қауымдастықтары еріктілер үшін коммуналдық төлемдерді және жергілікті салық аударымдарының жекелеген түрлерін төлемейтін жеңілдіктер қарастырады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын ескере отырып, еріктілер үшін заңнамалық деңгейде мынадай қорғау шаралары мен преференцияларды көздеуге болады деп санаймыз:

- ерікті өрт сөндірушілерді дала өрттерін, сондай-ақ жұмыс уақыты кезінде ұйымдар мен елді мекендердегі өрттерді алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларға тарту уақытына, жалақысын сақтай отырып, негізгі еңбек міндеттерін орындаудан босату.

Шоғырландырылған ұстанымды жан-жақты қарау және әзірлеу мақсатында бұл жоба жұртшылық өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен талқылауға ұсынылады, олар ағымдағы жылдың 10 қарашада сағат 11-00-де «ZOOM» режимінде өткізу жоспарланған (байланыс тел. 60-21-28). Заңның жобасымен ТЖМ сайтының «НҚА жобалары/Заңның жобалары» бөлімде таныса аласыз.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті