Астанада Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері үшін оқыту семинар-тренингі өтті

Астанада Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері үшін оқыту семинар-тренингі өтті

2023 жылғы 26-27 қазанда Астана қаласында ТЖ вице-министр генерал-майор Е.С. Нұрпейісовтың төрағалығымен Апаттар медицинасы орталығы филиалдары басшыларының қатысуымен оқыту семинар-тренингі өтті.

Оқыту семинарының жұмысына медициналық-психологиялық қызмет басқармасының бастығы С.Б. Мұратбекова, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің, Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, сондай-ақ АМО құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының басшылары қатысты.

Семинар аясында келесі мәселелер қаралды: «ТЖ медициналық көмекті ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін талдау», «Түркия мен Ауғанстандағы жер сілкінісін жою кезінде шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру тәжірибесі», «Медициналық мекемелердегі есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымын құқықтық реттеу», «Көпшілік психологиясы» және «Психосоматика және оның түрлер».

Бұдан басқа, оқыту семинары барысында филиал басшыларымен мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істеу және тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алу үшін өтінімді ресімдеудің дұрыстығы бойынша тақырыптық сабақтар өткізілді.

Сондай-ақ, семинар аясында Апаттар медицинасы орталығының ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы