Алматы облысында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Алматы облысында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Алматы облысы Талғар ауданының «Нурия» көппәтерлі тұрғын үй кешенінде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру және төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысатын өрт-құтқару бөлімшелері, облыстың жедел қызметтері мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері тартылды. 

Бұл оқу-жаттығудың мақсаты - халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту, көппәтерлі биік үйлер тұрғындарының төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыру.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша сағат 11-00-де «Нурия» тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы лифт шахтасында электр кабельдерінің жануы туралы ақпарат келіп түсті. Өрт пәтерге ауыса отырып, жоғарғы қабаттарға таралып, қатты түтін болғандықтан команда берілді және нақты уақытта шығу кестесіне сәйкес шақырудың жоғары дәрежесі бойынша бөлімшелердің келуі пысықталды. Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері көпқабатты үйде өртті сөндіру тактикасын, арнайы және қосымша техниканы пайдалана отырып, адамдарды үйдің жоғарғы қабаттарынан құтқару және эвакуациялауды пысықтады. Шартты өртті сөндіру барысында келесі мәселелер пысықталды:

- шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен объектінің қызмет көрсетуші персоналы арасындағы өзара іс-қимыл;

- алғашқы келген ӨСБ жағдайды бағалау, шешуші бағытты таңдау бойынша дағдыларын жетілдіру;

- азаматтар жаппай тұратын объектілерде күштер мен құралдарды тарта отырып, басшы құраммен өртті сөндіру тактикасын ұйымдастыру және мәселелерін пысықтау.

- бірінші келген және кейінгі ӨСБ өрт сөндіру жедел штабының жұмысын, шешуші бағытты таңдау, жағдайды бағалау бойынша дағдыларын жетілдіру;

- өртті сәтті сөндіру үшін қажетті бөлімшелер мен техниканы өртке шақыру орнына күштер мен құралдарды шоғырландыру уақыты;

 - жеке құрамның еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауы.

 - орнату орындары, сондай-ақ өрт техникасына арналған кірме жолдар.

Алматы облысы ТЖД өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуге барлығы 9 бірлік техника мен жеке құрамның 40 адамы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, тұрғындармен және өскелең ұрпақпен Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы әлеуметтік сауалнама және хабардарлықты арттыруға бағытталған үгіт-профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін жүргізілген жұмыстарға талдау жүргізілді.

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі