2023 жылғы 24 қазанда орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің басшылық лауазымдарына кандидаттармен кезекті әңгімелесу өткізілді.
Әңгімелесу үміткерлердің әрқайсысымен өткізілді, бұл басшылыққа үміткердің ұсынылған лауазымға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Үміткерлердің кәсіби қасиеттерін анықтауға ерекше назар аударылды.
Әңгімелесуге аумақтық бөлімшелердің 7 қызметкері қатысты (Астана қ., Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары және М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы).
Барлық үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеуден, психологиялық тестілеуден өтті. Қызметкерлердің моральдық - іскерлік қасиеттері және әңгімелесу қорытындысы ескеріле отырып барлық үміткерлер лауазымдарға тағайындауға ұсынылды.
ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті