Асхат Рысбековтың батырлық әрекеттері

Асхат Рысбековтың батырлық әрекеттері

Республика күніне орай Президент Жарлығымен батырлық ерлігі және мінсіз қызметі үшін «Құрмет» орденімен Жетісу ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Асхат Амангелдіұлы Рысбеков марапатталды. Азаматтық қорғау органдары жүйесінде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызмет ету кезеңінде ол көптеген ірі құтқару жұмыстарына қатысып, өзін тұрақты, принципті көшбасшы ретінде көрсете отырып, уақытында дұрыс шешім қабылдады.

Соңғы 5 жылда Үшарал-Достық тас жолында Асхат Рысбековтың басшылығымен Алакөл өңірінің құтқарушылары 65 адамды құтқарып, 74 техниканы қауіпсіз жерге көшірді.

2015 жылғы наурызда Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты, сондай-ақ авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргізу және адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында А.А. Рысбеков Абай ауданы Юбилейный ауылында, Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Самарқа және Чкалова ауылдарында құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысты.

2016 жылдың қаңтар айында Алматы облысында ҚР М-600 санавиациялық тікұшағы апатқа ұшыраған кезде іздестіру-құтқару және шұғыл жұмыстарға жасақтың жеке құрамымен белсенді қатысты.

2020 жылдың желтоқсан айы мен 2023 жылдың қаңтар айы аралығында ауа-райының қолайсыздығында көптеген құтқару жұмыстарына қатысты, оның барысында 21 адам құтқарылды.

2020 жылғы 21 желтоқсанда Алакөл ауданы Ұзынбұлақ ауылында 2 автомобиль жұқа мұзға шығып, нәтижесінде автомобильдердің бірі мұз астына түсіп кетті. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыстың арқасында А.А. Рысбеков 6 адамның өмірін сақтап қалды.

2022 жылғы 22 қаңтарда «Үшарал-Достық» автожолының учаскесінде 9 ауыр жүк автомашинасы мен 1 жол талғамайтын көлік қарлы тұтқында тұрып қалды. Қиын климаттық жағдайлардың нәтижесінде құтқарушылар, оның ішінде А.А. Рысбеков, қар құрсауынан 2 тәуліктен астам уақыт өтуге мәжбүр болды, бұл қар құрсауын арнайы техникамен және күректермен сындырды. Құтқарушылардың күш-жігері мен олардың сауатты әрекеттерінің арқасында 15 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді.

Шомылу маусымы кезінде Алакөл көлінде демалушылардың көп бөлігі өз өмірлеріне жауапсыздығынан судағы жазатайым оқиғаларға тап болады. 2015 жылдан 2023 жылға дейін тек Алакөл көлінің ауданында 185 адам судан құтқарылды, оның ішінде 45 бала.

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі