Қайсар Бимұратовтың батырлық әрекеттері

Қайсар Бимұратовтың батырлық әрекеттері

Республика күніне орай Президент Жарлығымен батырлық ерлігі және мінсіз қызметі үшін «Құрмет» орденімен Ұлытау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы-құтқарушысы Бимұратов Қайсар Аманғалиұлы марапатталды. Азаматтық қорғау органдары жүйесінде 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, 1-сыныпты құтқарушы болып табылады.

2022-2023 жылдары Қацсар Бимуратов Ұлытау облысында іздеу, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тікелей қатысты. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 11 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Шомылу маусымы кезінде Қ.А.Бимуратовтың қатысуымен 4 адам құтқарылды.

Мәселен, 2021 жылғы 25 шілдеде Жезқазған қаласының құтқару бөлімшесінің кезекші ауысымы 2 адамнан тұратын жауынгерлік есеппен Кеңгір су қоймасын патрульдеуге шықты.  Патрульдеу кезінде олар жағадан 35 метр қашықтықта батып бара жатқан адамды көрді және құтқару шеңберінің көмегімен азаматты құтқарды. Олар қайықты бортқа көтеріп, жағаға жеткізді.

2022 жылдың 23 шілдесінде Қайсардың басшылығымен Кеңгір су қоймасында жағадан 500 метр қашықтықта суға батқан азамат құтқарылды.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 28 шілдесінде Қайсар қатты желдің салдарынан жағадан үрлемелі матрацпен алып кеткен екі оқушыны құтқарды. 

Қ.А.Бимуратов Тәжік-Ауған шекарасындағы қимылдарының ардагері және Ұлытау облысының «Тәжік-Ауған» шекарасындағы қимылдары мен әскери қақтығыстарға қатысушы ардагерлер одағы» филиалының төрағасы болып табылады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі