ТЖМ 13 өрт сөндіруші-құтқарушы Республика күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

ТЖМ 13 өрт сөндіруші-құтқарушы Республика күніне орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

2023 жылғы 24 қазанда Төтенше жағдайлар министрлігінде ұлттық мереке Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Министр «Қазіргі таңда біздің еліміз болашаққа, жаңа Қазақстанға сенімді қадам жасауда. Республиканың дамуы мен қалыптасуына біздің Министрлік те ел мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша алдыңғы қатарда болу арқылы елеулі үлес қосуда. Сіз бен біздің қажырлы еңбегіміз, бір-бірімізге деген құрмет пен туған жерге деген сүйіспеншілігіміз алдымызға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шындыққа айналдыруға көмектесетініне сенімдімін», - деп айтты.

ТЖ қызметтерімен жұмыс істеген жылдары (1995-2023 жылдар) төтенше жағдайларды жоюға 1,5 млн. астам шығу жасалды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметі, кәсібилігі, жеделдігі арқасында 413 мыңға жуық адам құтқарылды, ТЖ түрлі аймақтарынан 380 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 70 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Еліміздің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар атқарылды, бұл заңнаманы қабылдау, төтенше жағдайлардан қорғау үшін жаңа объектілер салу, құтқару және өрт техникасы мен жабдықтарын сатып алу, Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын арттыру, қызмет өткеру жағдайларын жақсарту, кәсіби кадрларды даярлау, өрт-құтқару спорты мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Республика күніне орай Президент Жарлығымен батырлық ерлігі және мінсіз қызметі үшін:

 II дәрежелі «Айбын» орденімен Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Молдаханов Ерлан Қадырбекұлы марапатталды,

«Құрмет» орденімен:

- Ұлытау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы-құтқарушысы Бимұратов Қайсар Аманғалиұлы;

- Жетісу облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Рысбеков Асхат Амангелдіұлы марапатталды,

«Ерігі үшін» медалімен:

- «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының аға ұшқыш-нұсқаушысы Абаев Ербол Таласпайұлы; 

- Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі кезекшісінің жедел кезекшісі Есенғазин Ғалымжан Сәрсенбайұлы;

- Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 8 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Құмаров Ержан Мұратұлы;

- Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған жасағы бөлімшесінің командирі Құрабаев Жандос Серікұлы;

- Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Мұсағалиев Болат Змаратұлы;

- «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының әуе кемесінің бортмеханигі Пак Игорь Борисович;

- Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Сағындықов Нұрлан Ержанұлы;

- Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандандырылған жасақтың аға нұсқаушы-құтқарушысы Советов Аслан Орынбекұлы;

- Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Өміров Жанат Әлімұлы;  

- мемлекеттік қызметтегі еңбегі және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен ТЖМ Кадр саясаты департаменті ұйымдастыру-штаттық жұмыс басқармасының бастығы Ахметалина Айнагүл Қуанышбайқызы марапатталды.

Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Республика күнін мерекелеуге байланысты ТЖМ және оның бөлімшелерінің 209 қызметкері ТЖМ ведомстволық наградаларымен марапатталды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі