Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Республика күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері, қызметкерлері, әскери қызметшілері, құтқарушылары, курсанттары және қызметшілері, баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!

1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы қазақ халқының мемлекеттілігін одан әрі жандандыру мен нығайту процесін алдын ала айқындай отырып, еліміздің жаңа тарихының бастама нүктесі болды.

Осы уақыт ішінде елімізде тұрақты экономикалық жүйе құрылды, әлеуметтік саламыз үнемі дамып келеді, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Біздің жас Республикамыз өзін ірі интеграциялық идеялар мен бітімгершілік жобалардың бастамашысы ретінде танытып, мәдениеттер мен өркениеттер диалогын нығайту үшін бұрын-соңды болмаған қадамдар жасаған халықаралық аренада да елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.

Қазіргі таңда біздің еліміз болашаққа, жаңа Қазақстанға сенімді қадам жасауда. Республиканың дамуы мен қалыптасуына біздің Министрлік те ел мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша алдыңғы қатарда болу арқылы елеулі үлес қосуда.

Сіз бен біздің қажырлы еңбегіміз, бір-бірімізге деген құрмет пен туған жерге деген сүйіспеншілігіміз алдымызға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шындыққа айналдыруға көмектесетініне сенімдімін.

Осы жарқын және қуанышты мерекеде әр отбасына денсаулық пен амандық тілегім келеді! Біздің көпұлтты халқымызға бейбітшілік пен келісім және  Отанымыз – Қазақстан Республикасына жарқын болашақ пен өркендеу тілеймін!

 

Сырым Шәріпханов,

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі