Республика күніне арналған челлендж: СҚО Аққайың ауданының өрт сөндірушісі 23 тонналық хопперді жалғыз сүйреді

Республика күніне арналған челлендж: СҚО Аққайың ауданының өрт сөндірушісі 23 тонналық хопперді жалғыз сүйреді

Өрт сөндіруші, құтқарушы - күшті ерік-жігерді, темір ұстамдылықты және тамаша дене шынықтыруды қажет ететін мамандықтар. Бұндай қасиеттермен туылмайды, мұндай маңызды кәсіби қасиеттерге тұрақты жаттығулар және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысу, ТЖ мен өрттерді жою арқылы қол жеткізіледі. Спорттық дайындыққа, сондай-ақ өз ісінің мамандарының жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге арналған түрлі челлендждерге қатысуға үлкен мән беріледі…

Кәсіби мереке – Құтқарушылар күні және Республика күні қарсаңында СҚО ТЖ Департаментінің өрт сөндіру қызметі өрт сөндірушілердің ерекше физикалық мүмкіндіктерін көрсетуге арналған челленджге бастамашы болды. Бір өрт сөндіру бөлімінен екіншісіне қызметкерлер әр түрлі элементтерді қамтитын эстафетаны тапсырды - өрт сөндіру машинасының кабелі арқылы сүйреу, күштік жаттығулар, автожарыс жаттығулары. Смирново аудан орталығының өрт сөндіру бөліміне кезек келгенде, өрт сөндірушілер ұжымда көп ойланды – қайталағысы келмей өздері ерекше бір нәрсені ойлап табулары керек болды. Осылайша, 28 жастағы өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Парсахан Алдияров ешкім, бірінші кезекте өзі бас тарта алмайтын ұсыныс жасады!

Келесі күні таңертең № 9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен Смирново селосының элеваторының қызметкерлері таңғажайып көріністі байқады - өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киген Парсахан астық тасымалдауға арналған вагонға  сүйреу кабелін бекітті. Өрт сөндірушіге қатысты көптеген күмәнді ескертулер болды, олар: жігітім бұл сеніңғ қолыңнан келмейді, тек денсаулығыңызға зиян тигізесің деді. Бірақ ол жарты жолда тоқтайтын адам емес еді! Күш салып, бірнеше секунд күтті... болат машина баяу, содан кейін жеделдете отырып, қарқынды түрде алға жылжып келе жатқан өрт сөндірушінің артынан жүре бастады!

«Мен жақында өрт сөндіру бөліміне келдім, өзімді нағыз еркек ісінде сынап көргім келді. Бұрын мен элеваторда жұмыс істегенмін, кейде әріптестеріммен бірге хопперлерді осылай жылжытуға тура келген. Бірақ жалғыз ешқашан жылжытып көрмегем!  Күшім жеткізікті, ойланып  тырысып көрейін дедім.  Қиын болды ма деп сұрасаңыз, әлбетте! Барлық күш-жігерімді жұмсауға тура келді, және ол менің қолымнан келді! Жанып жатқан үйдің табалдырығынан өтудің алғашқы қадамын жасау өте маңызды, тіпті қайсысы қиынырақ  екенін де айта алмаймын. Бұл менің қолымнан келді, бірақ содан кейін киімімді сығуға тура келді», - депПарсахан күлімсіреп айтты.

Мұндай титаникалық жүктемеге төтеп беруге не көмектесті деген сұраққа ол үнемі футбол және волейболмен, сондай – ақ ұлттық аударыспақ ойынымен шұғылданатынын, онда айтарлықтай жетістіктерге жеткенін айтты. 2023 жылдың шілдесінде Парсахан Қызылжар ауданының Бескөл аудан орталығында өткен облыстық жарыстарда бірінші орынды иеленді. Спорт шеберіне үміткер.  

Әріптестерінің арасында Парсахан Алдияров құрметке ие, оған әрдайым қиын сәтте сенуге болады. Өрт сөндірушілер ұжымында тек осылай жұмыс істеу керек. Ауысымнан кейін үйге асығады, онда құтқарушыны жұбайы Назгүл мен ұлдары - 3 жасар Айдос пен 5 айлық Айдын асыға күтеді. Смирново селосының өрт сөндірушілерінің отбасында және тату ұжымында батыр - өрт сөндіруші Гиннестің рекордтар кітабына лайықты жетістіктері үшін күш жинайтыны сөзсіз.

Салмағы 23 тоннадан асатын 30 метрге жуық хопперді сүйреу әзіл емес! Бұл сіздің қолыңыздан келе ме? 

СҚО ТЖД баспасөз қызметі