ҚР ТЖМ Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының атқарушы кеңесінің сессиясына қатысты

ҚР ТЖМ Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының атқарушы кеңесінің сессиясына қатысты

2023 жылғы 18 қазанда Бішкекте Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы Атқарушы кеңесінің 56-шы сессиясы өтті.

Атқарушы кеңес сессиясының жұмысына әлемнің 25-ке жуық елінің делегациялары қатысты.

Отырыс барысында ХҚҰ Бас хатшысы өткізілген іс-шаралар туралы баяндама ұсынды, алдағы жылға арналған ұйым бюджетінің жобасы бекітілді, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнінің ұраны таңдалды, алдағы үш жылға атқару кеңесінің төрағасы-елін сайлау өткізілді.

Сессияға Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының орынбасары полковник Алексей Советов қатысты.

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті