
Кеше, Құтқарушы күнінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев төтенше жағдайлар гарнизонына 16 жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында облыстық әкімдіктен қолдау көрсету мақсатында жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат бөлінуде.
Марат Сұлтанғазиев мамандық өкілдерін шын жүректен құттықтап, олардың жанкешті еңбектерін атап өтті.
«Қандайда қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген құтқарушылардын осы мереке күні қызметтеріңізге табыс, жанұяларынызға амандық және зор денсаулық тілеймін. Сіздердің ауыр енбектеріңіз сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, тәуелсіз қазақстанымыздың гүлденуіне зор үлесін қоссын дейміз!», – деп құттықтады облыс басшысы.
Өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда 6 бірлік өрт сөндіру автоцистернасы, 4 дана пневматикалық секіруден құтқару құрылғысы мен 1 бірлік эхолот және 9 бірлік жол талғамайтын қызметтік автокөліктері ұсынылды.
Жаңа көліктер адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуға қажетті заманауи өрт сөндіру, жедел медициналық, байланыс және навигациялық құралдармен, жоғары тиімді өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі