Құтқарушы күні: Құтқарушылар туралы фотокөрме …

Құтқарушы күні: Құтқарушылар туралы фотокөрме …

«BI Group» ірі инновациялық холдингінің қолдауымен Астанадағы «RIZAMYZ» әлеуметтік жобасы аясында «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірінде ТЖМ қызметкерлері туралы бірегей фотокөрме бұған дәлел. Бұл Күн сайын төтенше жағдаймен арпалысып жүрген ТЖМ қызметкерлерінің, атап айтқанда өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың, сүңгуірлердің, кинологтардің, медицина қызметкерлерінің, ұшқыштардың, психологтардың, әскери қызметшілердің әрқайсысы үшін олардың батылдығы мен қажырлы еңбегін бағалау маңызды.

Көрмеде 112 портрет ұсынылған. Олар дүлей зілзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар кезінде адамдарға тәулік бойы көмекке келеді. Әрбір портретте QR коды бар, оны сканерлеу арқылы фотодағы құтқарушылар туралы, олардың жасаған ерліктері жайлы мәліметпен танысуға болады.

Бұл портреттер - күн сайын өздерінің күрделі, бірақ осындай маңызды қызметін атқаратын азаматтық қорғау органдарының барлық қызметкерінің ұжымдық бейнесі.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі