
Құтқарушы күні аясында ШҚО ТЖД қызметкерлері журналистерге мамандықтарын алмастыруды ұсынды.
Төтенше жағдайлар саласындағы жұмыстың барлық қыр - сырын игеру үшін БАҚ өкілдері зардап шегушіні үйінді астынан шығарып, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, түтін камерасы мен кедергі жолағынан өтіп, құтқару операциясын жүргізіп, мысықты ағаш басынан түсіруі керек болды.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін фоторепортаж түсіру, әлеуметтік желілерде пост жазу, сюжет дайындау, сұхбат алу керек болды.
Командалардың әрқайсысы алғаш рет өздері үшін жаңа жағдайларға тап болды.
«Эксперимент қызықты болды. Барлық кезеңдерді өз бетінше аяқтағаннан кейін ғана іс-шараның әрбір қатысушысы өз бойындағы жаңа қабілеттерді қалай ашуға болатынын сезінді. Журналистер төтенше жағдайларға ден қоюды, құтқарушының жұмысы әркімнің қолынан келе бермейтінін түсінуді үйренді, ал құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық және кейде қауіпті кәсібімен танысты», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі