
18 қазанда құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 7 өрт сөндіру бөлімінің аумағында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан аға өрт сөндіруші Арслан Құрманбековке мемориалдық тақта ашылды.
Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Арслан қызмет еткен гарнизонның басшылығы мен жеке құрамы және туған туыстары қатысты.
Өз сөзінде ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев 1азаматтық қорғау аға сержанты Арслан жауапты қызметкер, кәсіби жауынгер және сауатты маман болды. Әріптестер оны еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін жоғары бағалады.
Өрт сөндіруші мамандығы, әрине қауіпі жоғары мамандық. Сол қайғылы күні ол өз ісіне адал болып, батылдық пен кәсібилік танытты. Бүгін біз өз міндетін баталдықпен атқарған жауынгерімізге еске алу және құрмет көрсету үшін жиналдық.
Елінің батырын тәрбиелеген Арсланның анасына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздің міндетіміз- әріптесімізді жадымызда сақтау және өскелең ұрпақты осындай батылдық үлгімен тәрбиелеу».
Мемориалдық тақтаны ашу рәсімі Арсланның анасы -Бақытгүл Жолдасбекқызына және ТЖД бастығына берілді.
Салтанатты қарауыл ескерткіш тақтадан ақ жамылғыны алып тастап, жиналған туыстары мен әріптестері мемориалға гүлдер шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Естеріңізге сала кетейік ағымдағы жылғы 15 мамырдағы ҚР Президенттің Жарлығымен қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №7 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Арслан Құрманбековқаа қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі