
Мереке күні – Құтқарушылар күні қарсаңында Ақтөбе ТВ журналистері «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысып, мұражайды аралады. Бұл іс-шараның мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын көрсету болды, осылайша олар қоғамға қажетті мамандықтың қажеттілігіне тағы бір рет көз жеткізді.
Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мұражайына 2 көрме залы мен бір ашық аспан астындағы алаң кіреді. Мұражайда барлығы 500-ге жуық экспонат және өткен ғасырдағы және қазіргі заманғы фотосуреттердің 2000-нан астам түпнұсқасы бар.
Қызметкерлер БАҚ өкілдерін қабылдап, экскурсия өткізді. БАҚ өкілдері өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметімен толық танысты, олар кез-келген уақытта өрттер мен ТЖ-мен күресуге, адамдарды құтқаруға, зардап шеккендерге көмек көрсетуге, материалдық құндылықтарды қорғауға дайын. Олардың назарына өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілердің жабдықтары ұсынылды, оның қолданылуы туралы бөлімше командирлері мен қатардағы жауынгерлер айтып берді. Құтқарушылардың аппаратурасымен, арнайы техникасымен және жабдықтарымен танысу қызықты болды.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы