2023 жылғы 3 маусымда сағат 11 сағ. 20 мин. «103» қызметінің операторы «Солнечная» саяжай алқабында Ертіс өзеніне шомылмақ болған адамға қауіп төнгені туралы хабар алды.
Оқиға орнына келген құтқарушы топ анықтағандай, ер азамат ішімдік ішкен күйде өзенге түскен. Бірден тереңге сүңгіген ол су бетіне қайтып шықпаған. Осы уақытта жақын маңда жүрген Максим Золотарев адамның суға батқанын тез түсініп, батыл әрекетке барады. Суға дереу сүңгіп, батып бара жатқан азаматты жағаға шығарады. Жағада Золотарев жедел жәрдем келгенге дейін азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Максим Золотарев адам өмірін сақтап қалудағы ержүректілігі мен азаматтық борышқа адалдығы үшін ҚР ТЖМ ведомстволық медалімен наградтауға ұсынылды.
19 қазан - ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында батырға марапатты Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығы Манарбек Шапағатов табыс етті.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі