Игілікті мамандықты игеру

Игілікті мамандықты игеру

ШҚО ТЖД қызметкерлері Құтқарушы күні аясында оқушылар үшін қарапайым жарыстар ұйымдастырды. Оқушыларды құтқарушылар тобы мен өрт сөндірушілер тобына бөле отырып, өз қызметінде төтенше жағдайлар жүйесінің ержүрек қызметкерлері кездесетін кезеңдерден өту ұсынылды.

«Оқушы-құтқарушылар» командасы алдымен зардап шеккендерді іздеп, оларды үйіндінің астынан шығарып алды. Балаларға шұғыл жағдайда әрекет етіп, жол табу қажет болды. Зардап шегушіні тауып алып, оған алғашқы көмек көрсетілуі керек еді. Содан кейін кедергілерден өтіп, арнайы түйіндерді тоқып, тіпті құтқару құралдарымен жұмыс жасап та көрді.

Өрт сөндірушілер командасына өрт сөндіру машинасының оқпанынан шартты өртті сөндіру, жауынгерлік жабдықты тез кию, жауынгерлік қанат жайып, зардап шегушіні түтін басқан үй-жайдан табу қажет болды және оны қауіпті аймақтан шығару үшін құтқару қалпағын кигізіп эвакуациялады.

Жарыс қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті.

«Ең бастысы - құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің күн сайын азаматтарды құтқару үшін төтенше жағдайлармен қалай күресетінін көрсету және өскелең ұрпақтың назарын осы игілікті мамандыққа аудару болды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов

«Маған осындай шеберлік сағатына қатысып, қиындықтарды еңсеру ұнады. Адамдарға көмекке келудің оңай шаруа еместігіне көзім жетті. Санаулы уақыт ішінде үстіңдегі ауыр киіммен зардап шегушіні қауіпті аймақтан көтеріп алып шығу өз алдына. ТЖМ қатарында қызмет ету үшін осы мамандықты жан-тәніңмен сүю керек», деді № 26 мектептің оқушысы Андрей Коневсикй.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі