
2023 жылғы 17 қазанда кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығу шеңберінде дағдарысты жағдайларда басқару орталығының базасында мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, штабтық жаттығу өткізілді.
Штабтық жаттығу әзірленген Алгоритм бойынша орман өрттерін сөндіруге жедел ден қою, басқару органдарын даярлау, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында өткізілді.
Штабтық жаттығу барысында республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын құлақтандыру, әзірлікке келтіру, басқаруды ұйымдастыру, қалыптасқан жедел жағдайдың деректерін жинау және қорыту, орман өртін тиімді сөндіру жөнінде шешім қабылдау мәселелері пысықталды.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті