
«Төтенше жағдайлар департаментімен қауіпсіздік» акциясы аясында және Құтқарушы күнін мерекелеу қарсаңында төтенше жағдайларды жою басқармасының қызметкерлері және Қызыл Жарты Ай еріктілері Павлодар қаласының №29 және №36 жалпы орта білім беретін мектептерінде іс-шара өткізді.
Халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, ең алдымен, бұл өскелең ұрпақпен жұмыс. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, осы төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі керек.
Оқушыларға үйретуші бейнероликтер көрсетіліп, викторина өткізілді, сондай-ақ Қызыл Жарты Ай еріктілері «Зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету» бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Павлодар облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасы