«Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша үшінші орынды иеленді

«Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша үшінші орынды иеленді

«Digital Bridge» халықаралық форумы аясында 12-13 қазанда Астана қаласында «Qazaqstan Project Management Awards-2023» ұлттық байқауы өтті. Ол жобалық командаларды қолдауға және олардың жобалық басқару саласындағы жетістіктерін бағалауға бағытталған.

Ұлттық байқаудың «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі үшінші орынға ие болды.

Байқауға қатысушылардың есептерін бағалауды жобалық менеджмент саласындағы кәсіби бағалаушылар жүргізді.

Жобалық басқару құралдарын қолдану ТЖМ негізгі ұлттық индикаторларға қол жеткізуді талдауды қоса алғанда, жобалардың іске асырылу барысына мониторинг пен бақылау жүргізуге, сондай-ақ мүдделі тараптармен жедел өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Жобаларды басқару жүйесін енгізу, жобалық менеджменттің тәсілдерін, қағидаттары мен құралдарын екі жыл бойы пайдалану ТЖМ жобалық басқару конкурсында жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік береді.

 

 

ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаменті