Құтқарушылар мерекесіне орай Алматылық блогерлер мен журналистер өрт сөндіруші рөлінде болды
Алматылық блогер мен журналистерге бір сәтке өрт сөндіруші-құтқарушы болып көріп, бұл мамандықтың қиындықтарын сезініп көру ұсынылды. Бейнеролик пен қалам шеберлеріне түтін камерасынан өтіп, психологиялық және физикалық дайындық жолақтарынан өтіп, газ-түтін қорғаушылардың жаттығуларын орындап және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қосылу.ұсынылды.
Имилдждік іс-шара ТЖД жеке құрамының күшімен құрылған және өрт сөндіру кезіндегі экстремалды іс-қимылдарға психологиялық дайындыққа бағытталған оқу-жаттығу кешенінде ұйымдастырылды.
Жарысқа танымалы алматылық блогер Рашит Ильясов "Алматы", "Закон кз" «Mobilizier», «News Hub», «Inbusinesskz» ақпараттық агенттігінің, "Вечерний Алматы" қалалық газетінің өкілдері мен кәсіби фотографтар қатысты .
Қатысушылар оқу орталығының тапсырмаларын жылдамдыққа орындады. Бірінші сынақ ең қарапайым болды. Қатысушыларға құтқарушының формасын жылдымдыққа кию талап етілді. «Өте жақсы» деген баға үшін тапсырманы орындау нормасы 21 секунд. Өрт-сөндірушінің арнайы киімі әдеттегіден ерекше, салмағыда 15-20 кг құрайды.
Екінші кезеңде қатысушылар арнайы киімде бірнеше кедергілерден өтті. Далада ауа температурасы + 20 градус жылы болса да, қатысушылар арнайы экипировкада шыдап жаттығуларды жалғастырды. Үшінші кезең ең қызықты әрі шытырманға толы болды, яғни жылу түтін камерасының өту қажет еді. Қатысушылар қараңғыда түтінді үш деңгейлі лабиринттен шығудың жолын іздеді. Камерадан шығып қана қоймай, жақын маңдағы әріптесін құтқару маңызды болды.
Блогерлер тапсырманы орындауға қолын жеткізді, бірақ нақты жағдайда олар үшін әлдеқайда қиын болатынын атап өтті.
Жауынгерлік рәсімінен өтіп шаршаса да, жақсы көңіл-күй мен ұмытылмас тәжірибе алған тілсіз жаумен күрескен "жауынгерлерге" ақ- дастархан жайылды.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі