ШҚО ТЖД қызметкерлері оқушыларға сабақ өткізді

ШҚО ТЖД қызметкерлері оқушыларға сабақ өткізді

Терезеден қалай құлап кетпеу керек, өрт кезінде не істеу керек, «Баршаның назарына!» дабылы нені білдіретіндігі туралы  ШҚО ТЖД қызметкерлері оқушылардың сабағына қатысып, айтып берді.

№49 мектеп оқушылары ТЖ қызметінен келген қонақтарды өте мұқият тыңдады. Олар балалардың отпен араласуына жол бермеу керектігін, үйден кетіп бара жатқанда электр құрылғыларын желіде қалдыру қаншалықты қауіпті екенін есіне сақтап қалды. Сондай-ақ, балаларға «Баршаның назарына!» дабылын естіген кезде, ғимаратта жер сілкінісі кезінде қай орындары  қауіпсіз екендігін қолжетімді түсіндіріп берді.

«Балаларға қауіпсіз әрекет ету ережелерін диалог пен қарым-қатынас түрінде үйрену әлдеқайда қызықты. Балалардың айтуынша, олар болашақта төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуге көмектесетін көптеген қажетті және пайдалы ақпарат алды», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі