Құтқарушылар күніне орай

Құтқарушылар күніне орай

Демалыс күндері 2023 жылғы 14-15 қазанда Қарағанды қаласындағы орталық саябақта Құтқарушылар күнінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің арнайы техникаларының көрмесі өтті.

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мұрат Қатпанов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ТЖД қызметкерлерін келе жатқан Құтқарушы күнімен құттықтап, отбасылық амандық пен ауыр еңбекте табыс тіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтары құтқарушылар қолданатын жабдықтар туралы егжей-тегжейлі білді, арнайы киімдерді киіп көрді, арнайы техниканың жанында суретке түсті. Іс-шара сахнада ән орындаумен қатар жүрді.

Мерекелік іс-шара ТЖД бөлімшелері арасындағы жарыспен жалғасты, гір көтеру, арқан тарту және өрт сөндіруші-құтқарушының жауынгерлік киімін уақытқа кию. Жарысқа, іс-шараға келген көрермендер де белсенді қатысып, жақсы нәтиже көрсетті, сонымен қатар балалар да қатысты.

Мерекелік іс-шара соңында жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар грамоталармен марапатталды, ал балалар тәтті сыйлықтармен.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі