
Құтқарушы мамандығы – ең күрделі кәсіптердің бірі, өйткені олар елдің кез келген нүктесінде және одан тыс жерлерде ең қиын жағдайларда, аварияларда, ТЖ-да адамдарға көмекке келеді. Қираған үйлерде, өрт кезінде және су тасқыны кезінде, сондай-ақ жай ғана қиындыққа тап болғандарға көмекке ТЖМ-нің тұрақты қызмет атқаратын құтқарушылары келеді, олардың есебінде ондаған мың құтқарылған адамдар бар. Олар жарылып, күйіп, құлап жатқан жерлерде, су тасқыны немесе химикаттар төгілген жерлерде, адамдар мен тіпті жануарларды құтқару керек жерде құтқарушылар көмекке келеді. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1995 жылғы 19 қазанда Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Содан бері 19 қазан азаматтық қорғау органдарының кәсіби мерекесі болып саналады.
2023 жылы ТЖМ қызметі өзінің 28 жылдығын атап өтеді.
Қазақстан ТЖМ қызметі құрылған жылы туған Талдықорған қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің Жас өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Байғонысов Дархан Нұргелдіұлы туралы айтқым келеді.
28 жасында ол құнды жұмыс тәжірибесін жинап, басшылық пен ұжымның құрметіне ие болды. Мектеп жылдарында ол өрт сөндіру-құтқару спортымен шұғылданып, барлық республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2008 жылы жасөспірімдер арасында өрт спортынан Қазақстан чемпионы атанды. Университетті бітіргеннен кейін шұғыл қызметке шақырылды. 2019 жылы әскерден оралғаннан кейін Ақсу ауданы Лепсі ауылының №16 өрт сөндіру бекетінде өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымында мансабын бастады, 2020-2021 жылдары Алматы облысының жастары арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан жаттықтырушы болды. 2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Талдықорған қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі.
«Биыл азаматтық қорғау органдарына 28 жыл толды, және біз құрдас екендігімізді мақтан тұтамын. «Өрт сөндіруші» мамандығы - өте ежелгі және өзгелерге ұқсамайтын кәсіп. Мен үшін азаматтық қорғау органдарындағы қызмет жауапты және маңызды болып табылады. Менің мамандығым тек біздің еліміз үшін ғана емес, жалпы әлем үшін де маңызды. Күн сайын әлемде қандай да бір апаттар, катаклизмдер орын алады. Көмекке бірінші болып өрт сөндіруші-құтқарушылар біз келеміз», - деп бөлісті Дархан.
Қызметтен бос уақытында белсенді өмір салтын жүргізеді, футболды жақсы көреді. Оның жақын арадағы мақсаттары - халық алдындағы борышын абыроймен орындау және қызметте жоғарылату.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі