Семинардың мақсаты – ТЖ департаменті қаладағы еріктілер ұйымдарымен өзара іс-қимылын пысықтау, құтқару құралдарын қолдану дағдыларын көрсету, өрт сөндіруші-құтқарушылар кәсібінің имиджін арттыру, еріктілерге авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ТЖ аймағында ТЖ қызметкерлерінің жұмысын «ішінен» көруге мүмкіндік беру.
Іс-шара Шымкент қ.ТЖ департаменті бастығының орынбасары подполковник Жамбыл Убайдуллаұлы Жабаевтың төрағалығымен өтті. Семинарға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Жастар» ресурстық орталығының, «LIDER.KZ еріктілер қозғалысының», «ASAA» Шымкент қаласының access түлектері жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері және департаменттің жеке құрамы қатысты.
Семинар-квест екі кезеңімен өткізілді. Ұйымдастырушылық-таныстыру кезеңінде еріктілерге Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жұмысы мен материалдық-техникалық базасының жабдықталуы, психологиялық көмек көрсету туралы мәлімет жеткізілді. Сонымен бірге «ASAA» Шымкент қаласының access түлектері жастар қоғамдық бірлестігімен өз-ара әрекет ету бойынша Меморандумға қол қойылды.
Екінші практикалық кезеңінде қатысушалар құтқару құралдарын қолдану, өртті сөндірудің негізгі элементтері бойынша практикалық тапсырмаларды пысықтады және өрт сөндіруші-құтқарушылардың арнайы костюмдерін киді.
Еріктілерді өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен таныстыру жауынгерлік киім киюден басталды. Мұндай жабдық өрт сөндірушіні жоғары температурада жұмыс істегенде қорғайды. Кәсіби өрт сөндірушілер бір минут ішінде жауынгерлік киімді киіп, көлікке мініп, шақыртуларға шығады. Жауынгерлік киім киген еріктілер өздерін өрт сөндірушілер сияқты сезіне алды, олар шынымен де шеберлік пен күшке мұқтаж толық жауынгерлік жабдықты киді.
Гаражда өрт сөндірушілер шығатын техникасы таныстырылды. Бұл автоцистерналар, автосатылар, газ-түтіннен қорғау қызметінің автокөлігі және басқа да техника түрлері. Олардың әрқайсысы туралы өрт сөндірушілерге қатысты жалған ақпаратты жою үшін бірнеше маңызды түсініктеме берілді. Сонымен, олар ешқашан сусыз келмейді, ал бір цистернадағы су бес минуттық күшпен жұмыс істеуге жетеді, сондықтан мүмкіндік бар жерде машина суды үздіксіз беру үшін гидрантқа орнатылады. Өрт сөндірушілерде шлангілер жоқ - жеңдік немесе магистральдық желі салынатын жеңдер бар.
Әрі қарай газ-түтін қорғаушылардың жаттығу кешенінде еріктілер түтін камерасында лабиринттен өтуге тырысты. Мұнда тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге рұқсат етілген өрт сөндірушілер сығылған ауада тыныс алу аппараттарын пайдаланады. Бұл қаладағы бірегей және жалғыз кешен. Мұнда өңірдің өрт сөндіру бөлімдерінің барлық газ-түтіннен қорғаушылары дайындықтан өтеді. Түтін камерасы қараңғы, кейбір металл конструкцияларына оңай соғылып, жарақат алуы мүмкін. Қозғалыстарды монитор экранынан көруге болады.
Семинар-квесттің қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен естелікке сыйлықтар табысталды.
Әр кезеңде күлімсіреуге қарсы тұру мүмкін болмады: түтін камерасының лабиринтін жеңу, қорғаныс костюмдеріндегі дефиле, өрт жеңдерімен су беру – осының бәрі қатысушылар мен оларды бақылаушыларға көптеген жағымды эмоциялар әкелді. Ең бастысы, қазір еріктілер өртке қарсы қызметінде әрбір кезекшілікке өрт сөндірушілерге басқа адамдарды құтқару үшін қауіп төнген кезде қаншалықты қиын және өте жауапкершілікпен қызмет ету керектігін нақты біледі.
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы