Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған құтқарушылардың арасында халықаралық деңгейдегі құтқарушы, 1-сыныпты сүңгуір, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Цой Владимир Константинович бар.
Ол өмірінің 27 жылын азаматтық қорғау органдарындағы жұмысқа және адамдарды құтқаруға арнады.
Ағымдағы жылдың басында Владимир Цой Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару жұмыстарын басқарды. Бұған дейін, 1988 жылы ол Армения Республикасының Спитак және Ленинакан қалаларында осындай күшті жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарына қатысқан.
Қызмет еткен жылдары іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу тәжірибесінің арқасында адам өмірін бірнеше рет құтқарды.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару
жасағының баспасөз қызметі