
Бүгінгі таңда облыс бойынша әкімдіктер 114 елді мекенді қорғау үшін 32 өрт сөндіру бекетін құрды. Жетісу облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес 154 мың тұрғыны бар 164 елді мекенді қамти отырып, қосымша 19 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.
Осылайша, 2023 жылғы 12 қазанда Сарқан ауданының, Мұқан Төлебаев ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуы өткізілді.
Өрт сөндіру бекеті жылжымалы кешені, суға арналған сыйымдылығы, өрт жеңдері, гидрантқа арналған бағанасы және басқа да Мүкәммалмен өрт техникалық қарумен жабдықталған. Ерікті өрт сөндіру құралымы өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдерінің төрт жиынтығымен қамтамасыз етілген.
Құрылған команда тек өртке ғана емес, сонымен қатар олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады; қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу, халыққа көмек көрсету.
«Бүгін салтанатты жағдайда Мұқан Төлебаев ауылында өрт сөндіру бекеті ашылуда, бұл іс-шара азаматтық қорғау органдарының «Құтқарушылар күні» мерекесін мерекелеу қарсаңында өтіп жатқаны айтулы. Сарқан ауданы әкімдігіне алғысымызды білдіргіміз келеді, бүгінгі таңда біз ауданда бесінші өрт сөндіру бекетін аштық», – деп Жетісу облысы ТЖД Сарқан ауданы ТЖБ бастығы Тұрсынов Елдар атап өтті.
Ауыл тұрғындары жаңа бекеттің салтанатты ашылуына үлкен алғыспен келді, себебі бұл М.Төлебаев ауылында ғана емес, ауданның жақын маңдағы елді мекендерінде де тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі