
Өрт сөндіруші және құтқарушы кәсібінің мерейін асыру, жастардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында Алматы қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының барлық өрт-сөндіру бөлімдерінде орта мектептерінің оқушыларына өрт техникасын көрсете отырып «ашық есік» күні өткізілуде. Тек Түрксіб ауданында орналасқан 31 мектептен 29 847 мың оқушы "Құтқарушы мамандығы"тақырыбында сынып сағаттарына белсенді қатысты.
Аталған шараның мақсаты – Азаматтық қорғау органдары қатарына жастарды көбірек тарту, оларды ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллина атындағы Академиясына оқуға түсуге насихаттау. Оқушылар өрт сөндіру автокөліктерін, барлық қосалқы бөлшектеріне қызығушылық танытып, ерекше таңданыспен зерделеп қарады, балаларға өрт сөндірушілердің жауынгерлік әбзелдерін киіп көру мүмкіндігі болды. Бөлім қызметкерлері оқушылар үшін арнайы жауынгерлік қанат жайып, осыған қоса өрт сөндіру бөлімінің құрылу тарихын, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін, өрттер мен авариялық-құтқару жұмыстарына қалай шығатыны туралы кеңінен түсіндіргенін айта кеткен жөн.
Оқушылар көріністен қатты әсер алып, көңілдері толды. Олардың көз жанарынан ел игілігі үшін ерлік жасайтын өрт сөндіруші болуға деген үлкен үміт, зор талпыныс ұялағанын аңғармау мүмкін емес еді.
Алматы қ. ТЖД Баспасөз қызметі