
ТЖ департаментінің қызметкерлері Ақмола облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп газ құю станцияларында профилактикалық іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында халыққа өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидалары жеткізіліп, тұрмыстық газ баллондарын пайдалану және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану қағидалары жөнінде плакаттар ілінді.
Ақмола облысының ТЖД тұрмыстық газ баллондары мен газ қондырғыларын тек сатылатын тауарға сертификаты бар мамандандырылған ұйымдардан сатып алу қажеттігін еске салады, газ жабдығында ақаулар пайда болғанда немесе газ иісі пайда болған кезде құрылғыны пайдалануды дереу тоқтату, баллондағы немесе редуктордағы крандар мен вентильді жабу және арнайы қызметкерлерді шақыру қажет, сонымен қатар автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға болмайтынын да атап өткен жөн.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі