
Ауғанстандағы жер сілкінісі аймағында қызмет көрсетіп жүрген медициналық қызметкерлердің бірі ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы-дәрігері Жазылбай Қалдыбайұлы Қозыбахов. Ол әріптестерімен бірге жергілікті тұрғындарға және құтқарушыларға медициналық көмек көрсетуде. Медицина саласында 20-дан астам жыл жұмыс істейді.
Биылғы жылдың ақпан айында Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге қатысты.
Түркия Республикасында қызметтік борышын орындау кезінде жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін мемлекет басшысының жарлығымен «Ерігі үшін» медалімен марапатталды.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ