АҚ ж ӘБ комитетінің қызметкерлері орта мектептердің Төтенше жағдайлар министрлерімен вебинарға қатысты

АҚ ж ӘБ комитетінің қызметкерлері орта мектептердің  Төтенше жағдайлар министрлерімен вебинарға қатысты

2023 жылғы 11 қазанда Комитет қызметкерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-мен бірлесіп орта мектептердің Төтенше жағдайлар министрлерімен вебинар ұйымдастырылды. Әр өңірден 5 министр қатысты.

Қазақстандық мектептер мен колледждерде «Мектеп/Студенттік парламент» құрылды. Парламенттермен жалпы – 528 362 оқушылар оқитын 6602 мектептермен 674 колледждер қамтылды. Бұл ретте мектептерде Төтенше жағдайлар министрлері таңдалды.

Қызметкерлер ТЖМ туралы имидждік ролик көрсетіп, Төтенше жағдайлар жас министрлерге Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің негізгі міндеттері мен құрылымын жеткізді.

Вебинар шеңберінде оқушылардың:

«Жасқұтқарушы» үйірмелерін дамыту және жетекшілік ету,
сондай-ақ олардың «Жас құтқарушы» жарыстарына белсенді қатысуы;

«Қауіпсіздік мәдениетін» оқушыларға ТЖ-ның әртүрлі кезіндегі мінез-құлық ережелерін үйрету бөлігінде насихаттау;

Өңірлердің Төтенше жағдайлар департаменттерімен тығыз өзара
іс-қимылды ұйымдастыру, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерде
«ТЖ министрлерінің күндерін» ұйымдастыру және өткізу.

Орта мектептерде «ТЖ бойынша үздік министр» конкурсына қатысу және ұйымдастыру тілектері талқыланды.

ҚР ТЖМ АҚ және ӘБ комитеті