
2023 жылғы 11 қазанда сағат 9:10-да жедел кезекшінің пультіне фермерден Алматы облысының Қарасай ауданында жылқы жертөлеге құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жануардың салмағы 200 келі, құтқарушылардың көмегі қажет.
Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы көмекке барды. Сағат 10:50-де құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен тұтқынды бостандыққа шығарды. Жануар зардап шеккен жоқ.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағаның
баспасөз қзызметі