ҚР ТЖМ әскери бөлімдер гуманитарлық жүкті тиеуге қатысуда

ҚР ТЖМ әскери бөлімдер гуманитарлық жүкті тиеуге қатысуда

Гуманитарлық көмекті жөнелтуге ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Ұ. Абыкеев қатысуда.  

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күшімен Мемлекеттік материалдық қор комитетінің қоймасынан мүліктерді көліктерге тиеу-арту, оны Алматы қаласындағы Халықаралық әуежайға дейін сапарлап алып жүру және Ауғанстан еліне жіберу үшін мүліктерді көліктерден түсіру, оны арнайы ұшаққа арту жұмыстары жүргізілуде. Тиеу-арту жұмыстарын жүргізуге әскери бөлімнен күнделікті 35 әскери қызметші және 4 техника тартылуда.  

Гуманитарлық жүктің құрамына шатырлар мен медициналық препараттар кіреді.

28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді мерзімінде және кез келген уақытта орындауға әзір.