
Кинологиялық қызметінің негізгі бағыттары - табиғи орта жағдайында және техногендік үйінділерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Төрт аяқты жануармен жұмыс жасай білу-бұл ерекше қабілеттілік. Ендеше, осы салада қызмет атқаратын құтқарушы-кинологпен және оның төрт аяқты көмекшісімен таныс болып өтіңіздер.
Тлепкалиев Алдияр Бекишович Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің жедел-құтқару жасағының құтқарушысы. Кинолог саласының иесі. 1982 жылы желтоқсан айының 17 жұлдызында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жедел құтқару жасағының құтқарушысы болып 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап қызмет етіп келеді.
Қызмет атқару барысында өзін адал және тындырымды қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсете білді. Тлепкалиев Алдияр Бекишовичтің күнделікті жұмыстағы серігінің аты – Сальма. Сальма төрт аяқты құтқарушымыз жедел құтқару жасағының құтқарушысы болып 2019 жылдан бастап қызмет атқарады. Тұқымы-бельгиялық овчарка. Бұл тұқым өкілдері-күшті, бұлшық етті, икемді және өте ақылды жануарлар болып табылады.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында құтқарушыларымыздың көмегімен жүзеге асқан оқиғалар қатарын атап өтсек: 2021 жылы кәсіпкерлік дамыту қоры мекемесінің ғимаратына зақым келген тұста, аталған қызметкер және оның көмекшісімен адам өмірі сақталған болатын, 2022 жылы қыс айында ауқымды ТЖ орын алған техникалық қызмет көрсететін ғимаратының құлауына байланысты авариялық құтқару жұмыстарын жүргізді. 2022 жылы Петропавл қаласында Сальма қызметтік итімен бірге аттестациядан өткізілді. 2022 жылы Халықаралық ұйыммен бірлескен түрде «Казспас» семинарына қатысып, сертификат иемденген болатын.
Қорытындылай келе, кинология – бұл әртүрлі бағыттардан тұратын иттер туралы тұтас күрделі ғылым деп айтуға болады. Аталған құтқарушыларымыз өз саласындағы кәсіпқойлар, тұтас бір команда десек қателеспейтініміз анық.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы