Көп пәтерлі үйлердегі өрттер қауіп төндіреді

Көп пәтерлі үйлердегі өрттер қауіп төндіреді

Орал қаласында көп пәтерлі үйлердің бірінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

2023 жылдың басынан бастап БҚО бойынша 437 өрт оқиғасы тіркелді, өрттердің жалпы санынан 25 жағдай көп пәтерлі тұрғын үйлерде орын алған. Жеке үй және пәтер иелерінің кішкентай балалары мен тұрмыстық электр құралдарын қараусыз қалдыруы өрттің негізгі себептері болуы мүмкін.

Осыған байланысты облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіре отырып, тұрғын үйлерді аралау арқылы рейдтік іс-шаралары жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау және табылған кемшіліктерді жою жолдары туралы түсінік жұмыстарын жүргізген болатын.

Жаттығуға жеке құрамнан 54 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

 

БҚО ТЖД