Өмірлік қауіпсіздігі -бұл адамдармен міндетті түрде талқылануы керек өте маңызды тақырып. Өйткені, әрқайсымыз төтенше жағдайға тап болуымыз мүмкін, сондықтан қалай дұрыс әрекет ету керектігін білу маңызды.
Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері «ТЖМ-бұл?» және «Қауіпсіздік күні» акциясы өткізілді.
Акция барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын нақты түсіндіруге мүмкіндік беретін түрлі макеттер дайындалып, демонстрациялық түрде қолданылды. Сауалнама жүргізу кезінде «ТЖМ» туралы түрлі сұрақтар қойылып, өрттер мен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Акцияның басты мақсаты-жылыту маусымында ықтимал қауіптердің алдын алу, халық арасында өрт қауіпсіздігі шараларын насихаттау.
Қала тұрғындары мен қонақтары өрт сөндіру техникасымен және өрт сөндірушінің қызметімен жақынырақ танысты. Сондай-ақ, балалар сауалнамаға қатысып, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы алғашқы білімдерін көрсетті.
Бұдан басқа, «Қауіпсіздік күні» акциясын өткізу барысында осал топтардың отбасыларына улы газ анықтау датчиктері орнатылып, жылыту пешінің түтін мұржалары тазартылып және жылыту маусымында өрт қауіпсіздігінің сақталуы туралы демонстрациялық түсіндіру жүргізілді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі