Кадет сынып оқушыларымен тәжірибелік сабақ

Кадет сынып оқушыларымен тәжірибелік сабақ

Профилактикалық жұмыс аясында Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Алматы облысы Қонаев қаласының Жедел құтқару жасағымен бірлесіп Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектептің кадет 7-сынып оқушыларымен «Құтқарушы мамандығы» тақырыбында тәжірибелік сабақты өткізді.

Сондай-ақ, оқушылар үшін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық жаттығулар, кинолог жұмысы, автокөлік құралдары, құтқару құралдары, сүңгуір жабдықтары таныстырылып, гидравликалық құтқару құралымен қалай жұмыс істеу керектігі көрсетілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі