
Табиғи газбен улану деректерінің жиілеуіне байланысты Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері, Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ұйымдастырған, газ тарату ұйымдары және тұрғын үй газ жабдықтарына қызмет көрсететін сервистік компаниялардың өкілдерімен бірге өткен жиынға қатысты.
ТЖД Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев табиғи газбен жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде табиғи газбен улану, сондай ақ адам өліміне алып келетінін атап өтті. Ол жыл басынан бері қалада табиғи газбен уланудың 12 жағдайы (2022-8 жағдай) тіркелгенін, онда 26 адам (оның ішінде 4 бала) зардап шеккен оқитғалар туралы хабарлады. Сонымен қатар, табиғи газдағы жылыту құрылғылары мен газ жабдықтарын пайдаланудың бұзылуына байланысты өрттер, атап айтқанда: мұржаның бітелуі, мұржаның дұрыс қосылмауы және мұржаның тұтастығының бұзылуы, газ плитасын қараусыз қалдыру және т. б. себептерінен жиілеп кеткенін ескертті.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсету талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.
Өз кезегінде, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының газтехникалық инспекциясының қызметкерлері қаланың сауда орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындарының мониторингілеу барысында газ жабдықтарын пайдалану кезінде 160-тан астам бұзушылықтар анықталғанын хабарлады.
Газ инспекциясының мамандары жиі кездесетін бұзушылықтарды атап өтті: көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалану, ереже бойынша екі қабатқа дейінгі ғимараттарда пайдаланылады газ құбырларын мамандарға жүгінбей өздігінше ауыстыру және ақаулықтарына назар аудармауы.
Жылыту маусымы кезінде газ жұмысшылары мұқият болуға шақырады. Өткен жылы ғана Алматыда газ ауа қоспасының жарылуына байланысты 20-дан астам төтенше жағдай орын алды. Оның салдарынан 48 адам зардап шекті. Қайғылы жағдайларда орын алды.
Мамандар тұрмыста газ жабдықтары мен пештерді пайдалану ережелерітуралы ескертті, олар:
- желдеткіш каналдар жабық бөлмеде және түтін мұржасының ауа тартымы болмаған кезде пештерді пайдалануға тиым салынады;
- газ құрылғылары орнатылған бөлмеде ұйықтау және демалу;
- қолдан жасалғын пештерін пайдалану және өз бетінше орнату;
- газ құрылғыларын өз бетінше іске қосу немесе жөндеу, олардың орнын өзгерту.
- газ баллондарды тек лицензияланған қызмет көрсету станцияларында талтыру.
Мамандар үй-жайда газдың иісін байқаса үй-жайды желдету, электр құрылғы мен жарықты қоспау және өшірмеу, 104 телефоны бойынша шұғыл авариялық қызметке шақыру қажет екенін еске салды.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі