«Жас құтқарушы» - «Қайнар» білім беру-демалыс кешенінің аула клубы базасында ашылған - Екібастұз қаласы білім беру бөлімі мен ТЖ басқармасының бірлескен жобасы. Орталық ресми түрде 2022 жылдың қазан айында ашылды.
Жобаға өңірдегі жалпы білім беретін мектептердің 7-10 сыныптарынан 45 оқушысы қатысады.
Орталықта оқыту, балаларға мектепте алған теориялық білімдерін кеңейтуге және нақтылауға, алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға, төтенше жағдайларда іс-әрекеттер туралы білім алуға, іздестіру-құтқару жұмыстарының дағдыларын игеруге, психологиялық дайындықтан өтуге, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сабақтарды өткізу үшін оқу-жаттығу орталығы мамандандырылған жабдықтармен, оқу әдебиеттерімен және азаматтық қорғау бойынша әдістемелік құралдармен жабдықталған. Сабақтарды Екібастұз гарнизонының педагогтары мен қызметкерлері жүргізеді.
2023 жылдың мамыр айында 30 оқушы оқуын аяқтады, 15 оқушы өз қалауы бойынша қайта оқуға қалды. Жаңа қабылдау 2023 жылдың тамызында өткізілді.
Тұрғындарды өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білуге баулу мақсатында, «Жас құтқарушылар» жасағы, Екібастұз қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін білімі бойынша сауалнама жүргізілді. Халықтың бұл сауалнамаға оң қарағаның айта кету керек. Ересектер де, балалар да қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі